Д-р Серік Оразғалиев – Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (НУ ЖМСМ) доценті және Қазақстандағы Тұрақты даму шешімдерінің желісінің (SDSN) ұлттық бөлімшесінің теңтөрағасы міндетін атқарушы. Ол 2017 жылы Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде және 2024 жылы Германиядағы Юстус Либих университетінің Халықаралық даму және қоршаған орта зерттеулері орталығында шақырылған профессор қызметін атқарған.
Зерттеу қызметі: Доктор Оразғалиевтің зерттеулері ең алдымен тұрақты даму және мемлекеттік саясат, сондай-ақ басқару мен энергетикалық ауысу мәселелеріне бағытталған. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты, Тұрақты энергетикаға көшу бағдарламасының гранты, NU SPG гранты аясындағы жетекші зерттеуші болды, сондай-ақ бірнеше басқа жобаларға қосалқы зерттеуші ретінде қатысты.
Доктор Оразғалиев Environmental Research Letters (ERL) және International Journal for Water Resources Development (IJWRD) журналдарының шақырылған редакторы болып табылады. Оның ғылыми мақалалары Public Administration and Development (PAD), Sustainability, International Journal of the Commons және басқа да рецензияланған басылымдарда жарияланған.
Серік Оразғалиев «ТДМ Барометрі» (SDG Barometer Survey) жобасының жетекші зерттеушісі болып табылады. Бұл жоба саяси күн тәртібін талдау құралдарын әзірлеп, дамушы елдерде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) анықтау үдерісінің инклюзивтілігін арттыруға ықпал етеді.
Ол сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму шешімдерінің желісі (SDSN) әзірлеген Болашақ саммитіне арналған ұсыныстарды қолдаған әлемдік зерттеушілердің қатарында. Бұл ұсыныстар 2024 жылғы Тұрақты даму туралы баяндамада (SDR2024) «ТДМ және БҰҰ Болашақ саммиті» атты бірінші тарауда жарияланған.
Бұған қоса, Серік Оразғалиев БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының «Қазба отынды өндіру алшақтығы туралы баяндамасына» (Fossil Fuel Production Gap Report) Қазақстан туралы тарауды дайындауға өз үлесін қосты. Бұл баяндама жаһандық жылынуды шектеу мақсаттарына сәйкес келетін мемлекеттік қазбалы отын өндірісі мен жаһандық өндіріс деңгейлері арасындағы сәйкессіздікті бақылайды.
Мемлекеттік қызмет: 2024 жылдың сәуір айында еліміздің жоғары білім беру жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасына ие болды. С.Оразғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Сараптамалық тобының мүшесі. 2020 жылдан бастап Президенттік кадрлық резервке кандидаттарды іріктеу комитетінің жұмысында тұрақты түрде қатысады. Сонымен қатар, Серік Оразғалиев Дүниежүзілік банктің "2030 Су ресурстары тобы" бағдарламасының Қазақстандағы консультативтік-кеңесші органының мүшесі.
Оқытушылық қызмет: Серік Оразғалиев мемлекеттік саясат магистратурасында («Мемлекеттік саясат және талдау») және докторантура бағдарламасында («Құқық және мемлекеттік саясатты басқару») негізгі пәндерді оқытады, сондай-ақ «Тұрақты даму және экологиялық басқару» атты факультативтік курсты жүргізеді.
Сонымен бірге, ол мемлекеттік органдардың басшылық қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары аясында «Жаңа формациядағы көшбасшы» курсының оқытушысы болып табылады.
Бұған дейін Азия университеттері альянсының (АУА) білім беру бағдарламаларында бірнеше курсты жүргізіп, осы ұйымның «АУА Құрметті оқытушысы» марапатына ие болған. Әрі Назарбаев Университетінің Үздік оқытушысы сыйлығының (2022 жыл, «Интернационалдандыру» санаты) иегері.