Конференция аясында бірнеше панельдік сессия өтеді, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы шақырылған спикерлер баяндама жасайды. Конференция академиялық және кәсіби білімі бар қатысушыларға Орталық Азиядағы тұрақты дамуға бағытталған сапалы білім беру және кәсіби байланыс орнату мүмкіндіктерін ұсынуға арналған.
Конференция жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді, академиялық қауымдастық өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, ТДМ-ды ұлттық және аймақтық деңгейде әртүрлі секторларда, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, мемлекеттік басқару, табиғатты қорғау агенттіктері, үкіметтік емес сектор және басқа да салаларда іске асыру мен бейімдеуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.