«Тұрақты даму мақсаттарын жеделдету: ғылым, серіктестік және іс-әрекет»

4-ші SDSN Қазақстан конференциясы
AlmaU, Aлматы
22-23 қазан, 2026

Формат: Аралас (офлайн және онлайн);

Конференция тілі: Ағылшын; қазақ және орыс

Мақсатты аудитория: академиялық қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның және жастардың өкілдері.

Конференция туралы
2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдап, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге арналған ортақ жаһандық негізді қалыптастырды. Бірқатар бағыттар бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілгенімен, қазіргі іске асыру қарқыны 2030 жылға дейін ТДМ-ның басым бөлігін орындау үшін әлі де жеткіліксіз.

«Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету: ғылым, серіктестік және іс-әрекет» халықаралық конференциясы ғылыми біліммен алмасуға, инновациялық шешімдерді таныстыруға, стратегиялық әріптестіктерді дамытуға және Қазақстан мен Орталық Азияда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үдерісін жеделдетуге ықпал ететін практикалық бастамаларды ілгерілетуге арналған халықаралық алаң болады.

Конференция мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастығының, жастардың және азаматтық қоғамның өкілдерін біріктіріп, ашық диалогты дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму саласындағы ғылыми дәлелдерге негізделген шешімдерді ілгерілетуге бағытталған.

Маңызды күндер


Тезистерді қабылдау туралы хабарлама: 05 Тамыз 2026

Тезистерді тапсырудың соңғы мерзімі: 15 Қыркүйек 2026

Қабылдау туралы хабарландырудың соңғы мерзімі: 15 жұмыс күні

Конференцияның соңғы бағдарламасы: 20 Қазан 2026

Конференция сессиялары: 22-23 Қазан 2026

Конференция бағдарламасы
Зерттеу бағыттары
Ғылым, саясат және инновациялар арқылы ресурстар тапшылығын еңсеру: Су қауіпсіздігі; Табиғи ресурстарды тұрақты басқару; Климаттың өзгеруі; Климатқа бейімделу және орнықтылық; Таза энергия және энергетикалық көшу; Айналым экономикасы және тұрақты өндіріс; Ғылыми және технологиялық инновациялар; Экологиялық саясат.
Денсаулық, әл-ауқат және орнықты қауымдастықтар: Денсаулық және әл-ауқат; Денсаулықтың экологиялық детерминанттары және ауа сапасы; Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар; Климаттық орнықтылық; Инклюзивтілік және әлеуметтік орнықтылық; Негізгі қызметтерге қолжетімділік және қауіпсіз қалалық орта.
Тұрақты шешімдер: серіктестік, инновациялар және іс-қимыл: ESG қағидаттары және жауапты басқару; Тұрақты қаржыландыру және серіктестік; ТДМ-ға қол жеткізудегі бизнестің рөлі; Жасанды интеллект және цифрлық шешімдер; Жауапты тұтыну және тұрақты бизнес-модельдер; Тұрақты шешімдерді кеңінен енгізу.
Жастардың іс-қимылы және климаттық білім беру: Жастар көшбасшылығы және студенттік зерттеулер; Жастар бастамалары және SDG Challenge; Climate Fresk және климаттық білім беру; Жастар декларациясы және жастардың ТДМ-ды іске асыруға қатысуы.

Тезисті жіберуге нұсқаулық

Авторлар 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін көлемі 250 сөзге дейінгі тезис ұсына алады. Тезисті қабылдау немесе қабылдамау туралы хабарлама ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Баяндама ұсыну форматы
Авторлар материалды ұсыну барысында өздерінің қалаған баяндама форматын таңдай алады: ауызша баяндама; панельдік баяндама; постерлік баяндама; Youth Research Showcase; тек жариялау


Байланыс ақпараты
Тұрақты даму және ESG орталығы, AlmaU
sdcenter@almau.edu.kz

Жания Хабидуллина, Тұрақты даму және ESG орталығы директоры, AlmaU, zh.khaibullina@almau.edu.kz

Дариға Уржанова, Тұрақты даму және ESG орталығы менеджері, AlmaU, d.urzhanova@almau.edu.kz





Серіктестер